«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастау ауылы №2 орта мектебінің мектеп жанындағы «Айгөлек» алаңқайының IV ауысымның есебі.

13.08.2020

Бастау ауылы №2 орта мектебінің «Айгөлек» алаңқайы  27.07.20 – 07.08.20  аралығында  IV ауысымның  жұмысын қашықтық түрде атқара бастады. Қойылған мақсат : әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке,  ұйымшылдыққа  тәрбиелей  отырып, оқушылардың  жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін   дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру. Жаз - бұл әлем жарқын, әсем және сәл бақытты болатын тамаша уақыт! Бұл біздің балалар үшін мейірімді, жарқын және қауіпсіз болуы керек! Биылғы  жазғы демалыс қашықтық түрде өтсе де, балалар өз уақыттарын тамаша, көңілді өткізгені байқалды.  Ауысым бойы денсаулықты нығайтуға көп көңіл бөлінді, әр күн белгілі бір тақырып бойынша өткізілді. Күн сайын балалар көңілді  спорттық  жаттығулардан бастап  қызықты  тапсырмалармен жалғастырып отырды.  Алғашқы күні  өрт қауіпсіздігі  ережелері, тіршілік қауіпсіздігі негіздері, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін білуге арналған "Абайла,жаз!" рөлдік ойындар сериясы бойынша әңгімелер өткізілді. «Ғажайыпстанға  саяхат », «Көңілді  қарындаш  әлемі», «Ертегілер елінде», «Мусіндеуді жақсы көреміз»     бұл тақырып бойынша  , балалар көңілді әнмен  еліміздің қалаларына , мұражайға   саяхат жасады . Сонымен бірге ұлттық ойындар да сыртта қалған жоқ ,әр бала өзі ұнатқан  «Тоғызқұмалақ»,  «Бес тас», «Ханталапай»  ойындарын  бауырларымен ойнап жүрді. Тақырыптар бойынша жүргізілген жұмыстар   балаларды өте керемет қызықтырды.  «Қызықты күндеріміз »  тақырып бойынша  «Айгөлек» алаңқайдың  IV ауысымы аяқталды.

Бастауыш  сынып  мұғалімі:   Коспаева А.Ж.

 

Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст