29.04.2026
Бүгін 29.04.2026ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -сінде «Сабақтастықты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері-баланың табысты дамуының кепілі» атты бастауыш сынып және даярлық тобы, шағын орталықта аудандық практикалық семинар өтті. Семинарға білім бөлімінің әдіскері Семенча Инна Васильевна және аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерімен шағын орталық тәрбиешілері қатысты.
Қазіргі білім беру жүйесінде сабақтастық – баланың жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін маңызды қағидалардың бірі. Ол мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш сынып, сондай-ақ бастауыш пен негізгі буын арасындағы білім мазмұнының, әдіс-тәсілдердің және тәрбиелік бағыттардың өзара байланысын сақтауды білдіреді. Дұрыс ұйымдастырылған сабақтастық баланың жаңа ортаға тез бейімделуіне, білімді жүйелі меңгеруіне және оқу мотивациясының артуына ықпал етеді.
Қорытындылай келе, сабақтастықты заманауи талаптарға сай ұйымдастыру – білім сапасын арттырудың, баланың тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің және болашақта табысты азамат қалыптастырудың негізгі кепілі болып табылады.
ӘБ жетекшісі Тайбагарова З. К.