Атбасар қаласында 7 мамыр мерекесі орай, аудандық мектептер арасында, "Жеңіс пен жігер" салтанаты байқау өтті. Бұл байқау тек өнер додасы ғана емес, жас ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік сезімді шыңдайтын нағыз жігер мектебі болды. Мариновка және Бастау ауылдарының мектептерінен құралған «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубы өте жоғары дайындықпен келгендерін дәлелдеді. Олардың әрбір басқан қадамынан, асқақтата шырқаған әндерінен елге деген шексіз сүйіспеншілік пен жауынгерлік рух сезіліп тұрды.
Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы жас сарбаздардың ерекше тәртібі мен ұйымшылдығын жоғары бағалап, оларды арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Мектеп басшылығы мен жетекшілер де жас патриоттарды дайындаудағы еңбектері үшін алғыс хаттарға ие болды.
Алға, «Жас ұлан»! Еліміздің тыныштығын күзететін бүгінгі жас ұрпақ — ертеңгі ел тірегі. Осындай айбынды да айбатты жастарымыз барда көк туымыз әрдайым биікте желбірей бермек. Жаңа белестер мен жарқын жеңістер құтты болсын!
АӘД жетекшісі Әмренов Ж.