«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!»

Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ерлік – елге мұра» атты салтанатты әрі тағылымы мол шағын іс-шара өтті.
​Шара барысында 5-9 сынып оқушылары патриоттық әндерді асқақтата шырқап, мектеп қабырғасын айбынды әуенмен тербетті. Жас ұрпақтың бойындағы Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен рух осы сәтте анық сезілді.
​Сайыс пен өнердің қорытындысы бойынша белсенділік танытқан сыныптар арнайы аталымдармен марапатталды:
«Үздік сынып»
«Ең ұйымшыл сынып»
«Үздік патриот сынып»
​Жиын барысында мектеп директорының м.а. Харахыз Б. сөз алып, барша ер азаматтар мен болашақ Отан қорғаушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
​Отан біздің жүрегіміз,
Отан – біздің тірегіміз.
Елін қорғаған ерлерге,
Мәңгілік құрмет білдіреміз! 
​7 мамыр – еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын күзеткен, бейбіт күннің кепілі болған батыр ерлерге арналған ерекше күн. Болашақ тірегіміз – жас ұрпақтың патриоттық сезімі аман болсын!


​Ұйымдастырушы: Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б.​

Қосымшалар:


Текст