16.09.2026
Мектебімізде 2026 жылғы 4–17 қыркүйек аралығында мектепте Қазақстан халқының тілдерін құрметтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, көптілділік пен тіл мәдениетін насихаттау мақсатында «Тіл – татулықтың тірегі» тақырыбында тілдер онкүндігі ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілуде.Тілдер онкүндігінің алғашқы күнінде «Тіл – татулықтың тірегі» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты ұйымдастырылып, білім алушыларға іс-шараның мақсаты мен маңызы таныстырылды. Сонымен қатар «Қазақстан – достық пен бірліктің мекені» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың татулығы, өзара сыйластық пен бірліктің маңызы түсіндірілді. 4–17 қыркүйек аралығында «Тіл – халықтың айнасы» тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
7 қыркүйекте «Тіл тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты тәрбиелік іс-шара өткізіліп, оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің адам өміріндегі және қоғамдағы маңызын түсіндіру көзделді.
8 қыркүйекте 8-сынып оқушылары арасында «Тіл – ұлт қазынасы» тақырыбында сайыс өткізіліп, оқушылардың тілдік білімдерін, сөз мәдениетін, тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалды. Ал 9 қыркүйекте 8–9-сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен «Полиглот» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
10 қыркүйекте 9–11-сынып оқушыларына арналған «Значение русского языка в современном мире» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізіліп, орыс тілінің қазіргі қоғамдағы орны мен маңызы талқыланды.
11 қыркүйекте 5–7-сынып оқушылары арасында «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты интеллектуалды сайыс өткізіліп, оқушылардың логикалық ойлау, іздену, шапшаң жауап беру қабілеттері шыңдалды.
14 қыркүйекте 1–4-сынып оқушыларының қатысуымен «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары ұсынылды.Ары қарай да іс-шаралар уақытылы өткізіледі
Жалпы, «Тіл – татулықтың тірегі» атты тілдер онкүндігі аясындағы іс-шаралар оқушылардың тілге деген құрметін арттыруға, ана тілін қадірлеуге, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, өзге тілдерді үйренуге қызығушылығын арттыруға және тіл арқылы достық пен бірлікті нығайтуға бағытталуда.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Хамбар С.