«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастау ауылы №2 орта мектебінің жанындағы «Айгөлек» жазғы демалыс лагердің 13.07.20 -24.07.20 аралығында ІІІ аусымның есебі.

28.07.2020

        2020 жылдың   жазғы кезеңіндегі  лагерьге  8  бала қатысты, оның  ішінде 5 қыз бала және 3 ұл бала.

 «Айгөлек »   лагерьдегі  балалар  демалысын «Бақытым  да, байлығым да - денсаулық »  тақырыбы  бойынша қашықтық  түрде  өткізілді. Бұл  кезең  салауатты өмір  салтына  баулу  бағытында  өтті. Оқушылардың демалысын қызықты өткізу  мақсатында  әр  күнге  ерекше  аттар  қойылып, соған байланысты   қашықтық түрде  іс- шаралар ұйымдастырылды, балалар  белсенді  қатысып  жасаған жұмыстарын сурет  арқылы  жіберіп отырды.  

        ІІІ аусымның  жұмыстары  келесі  тақырыптар  бойынша өткізілді:  «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері»  , «Салауатты – өмір салты»  , «Денсаулықты  нығайту  жолдары », «Таза ауа , жанға дауа» , «Денсаулық  кілті»  «Мақал –мәтелдер әлемі », «Көріскенше, достар!». 

         Алғашқы  күні  балалар   күн  тәртібімен,  қауіпсіздік ережелерімен  танысты.  Спорт ,татулық,  достық  туралы   мақал –  мәтелдегі жасырынған сөздерді  тауып жалғастыру   түрінде  өткізді.  Балалар  үшін өте  қызықты  сурет , коллаж жасау  кезеңдері болды. Осымен  қатар балалар  бауырларымен бірге  таза  ауада  әр түрлі  қимыл –қозғалыс  ойындар , жаттығулар жасап  жүрді.  Барлық   балалар құрастырылған іс – шараларға   қызыға  қатысып, белсенділік танытты.

Бастауыш  сынып  мұғалімі:   Коспаева А.Ж.

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст