«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«МИФ» онкүндігінің ашылуы

19.02.2020

Бастау ауылы №2 орта мектебінде  17-28.02 аралығында  «XXI- ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» тақырыбындағы  математика, информатика және физика пәндері апталығы өтеді. Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылады. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсетеді.

Енді апталықтың әр күніндегі іс-шаралардың талдауы:

17.02  дүйсенбі. Апталықтың ашылуы бұл күн апталықтың ашылуы құрметіне 5-9 сынып оқушылары  арасында «Математика-барлық ғылымдар падшасы» атты челленджден басталды. Оқушылар челлендж арқылы математикалық есептерге қызығушылығын арттырды.

18.02 сейсенбі. «Математика-барлық ғылымдар падшасы» атты челлендж бойынша

жеңімпаздарын марапаттау болды. «Ең үздік челлендж» номинациясына ие болған 9 сынып, ал «Ең креативті челлендж» номинациясына 8 сынып ие болды.

9 сынып оқушылары арасында «Математиканың ханшайымы» сайысы өтті. Оқушылар презентацияны қорғап, сөзжұмбақтарға жарнама жасады. 5-9 сынып оқушылары байқауға қатысушыларды бағалап, дауыс берді. Ең көп  дауысты  Имашева Күнім жинады. Көрнекіліктері эстетикалық талғаммен жасалуы да баланы қызықтыруға, талғамын тәрбиелеуге көп әсерін тигізді. Жарыс жанкүйерлері де белсенді болды.

Онкүндіктің сегіз күн алда, ашық сабақтар енді ғана басталады. Бәрімізге сәттілік тілеймін.

 

Әдістемелік бірлестік жетекшісі Искакова Гульден Тлеугабыловна

 

Просмотров: 423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст