«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандық таңдау - маңызды шешім»

03.02.2023

  Адам өмірге келген соң арман мен мақсатқа ұмтылмайма? Өмірде мамандық таңдаудан  қателеспеу керек. Мамандық  таңдаудан біздің келешек өміріміздің қандай болатыны шешіледі. Сол себепті, бұл мектеп бітіруші жастардың алдындағы болашаққа деген ең алғашқы және де ең  ауыр қадам болып табылады.

   Ең бірінші,мамандық таңдауда өзіңнің қандай іске бейімің бар екенін қарастыр. "Мен дарынсызбын,қолымнан ештеңе келмейді" деген ойларды шетке ысырып қой және мына сөзді санаңа сақтап ал: "Бұл өмірге келген әрбір адамның өз орны бар". Демек,сен өмірге бекер келген жоқсың,сен жай ғана әлі өзіңді таба алмай жүрсің. Сол себепті,жүрегіңнің қалауына құлақ асып,дұрыс таңдау жаса.Оңай дүние,ешқашан өзінің тиісті бағасына ие бола алмайды. Ал ауыр азаппен,маңдай термен келген дүние әрқашан ыстық болады. Екіншіден,бұл таңдаудан өзгенің емес,сенің алдағы өміріңнің шешілетінін ұмытпа,яғни бұл таңдауды сен өзің жасау керексің. Өзгенің айтқан ақылы,әрине,керек. Бірақ,ол тек қана саған қосымша ақыл қосу үшін,дұрыс жолға түсу үшін ғана қажет. Ал шешім сенің өзіңе байланысты. Егер ертең өзің емес,өзгенің қалауымен басқа мамандық таңдасаң,сен өміріңнің соңына дейін өкініп өтесің. Біріншіден,сен жұмысқа өз сүйген ісіңмен айналысу үшін емес,тек қаражат табу үшін ғана баратын боласың,өмірің тек күйбең тіршілікпен өтетін болады. Сондықтан ойлаймын жастар ,түлектер  мамандық таңдаудан қателеспесекнұр үстіне нұр болар еді.

                                     

 

Тарих пәнінің  мұғалімі: Хурамхаз Ж

  • PHOTO-2023-02-01-11-56-09.jpg
  • PHOTO-2023-02-01-11-56-10.jpg
  • PHOTO-2023-02-01-11-56-10 (1).jpg
  • PHOTO-2023-02-01-11-56-11.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.02.2023 16:09
Құрылған күні: 03.02.2023 16:24

Текст