«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандық таңдау»

Бастауыш сынып оқушылары арасында «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты. Оқушылардың мамандық туралы түсініктерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Бастауыш сынып оқушылары үйден қағаз бетіне түсіріп әр түрлі өздері ұнататын мамандық суреттерін салып әкеліп тақтаға шығып қорғады. Бірі дәрігер, бірі ұстаз, бірі ұшқыш болғысы келетінін айтып, өз қиялында жүрген армандарын айтып, отырған қонақтарға мамандыққа деген қызығушылықтарын жеткізуге тырысты. Мен тіс дәрігері боламын, өйткені тістері ауырған балаларды емдеймін деп, өзінің тісі көп ауыратынын айтын күлкіге айналдырды. Бірі мен Қазақстан Республикасына өз үлесімді қосып оқушыға білім беремін десе, енді бірі мен тілші болып шет елдерге өз Отанымды таныстырғым келеді деген ойын айтты. Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен «Мамандық  бәрі жақсы» іс-шарасы оқушыларға, тамашалап отырған қонақтарға қызықты өтті.

Орындаған Бекей А.

 

 

 

Жаңартылған күні: 21.05.2020 18:26
Құрылған күні: 16.11.2022 23:21

Текст