«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 3 сыныпта «Жаңажылдық шеберхана» тақырыбында көркем еңбек сабағында практикалық жұмыс өтті. Оқу бағдарламасына сәйкес мақсатқа қол жету үшін: Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру жəне жұмыс барысын жоспарлау; нақты дəлдігіне жетіп материалдары жəне компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу жəне біріктіру. Жаңа жыл бәріне ұнайтын мереке. Оны көптеген елде, сонымен қатар біздің елімізде де атап өтеді. Әрбір үйге шырша қойылып, оны ойыншықтармен безендіреді. Оқушылар да шыршаға қызыға сыйлықтар жасауда.
Қауіпсіздік ережені қайталап, есте сақтай отырып, жұмысты орындау.
Балалар мен мұғалім бірлесіп шыршаға ілуге ерекше бұлт жасап шығаруға жоспарлады.
Әдемі бұлтты жасау жолын түсіндіре отырып, барлығымыз белсенді жұмыс жасауға кірістік. Ең бірінші ақ картоннан бұлтты сызып қиып алу керек.
Оның көзін, ауызын сызып, қиып алу және түрлі түсті қағаздардан шуақтың орнына түрлі түсті шынжырлар жасауға келістік. Барлығын сызып қиып алып дайындағаннан кейін оны жинақтау керек. Бұлттың түрлі түсті шуақты шанжырларын желімдейміз. Содан кейін бұлттың бетін желімдеп мақта жапсырамыз. Екі көзін, ауызын мақтаның үстіне жапсыру. Әдемі шыршаға ілуге түрлі түсті жауып тұрған бұлтты жасап шықтық. Тамаша!!!! Біз керемет бұлт жасадық, әртүрлі көңілді шуақтарымен. Енді оны шыршамызға ілеміз.
Бастауыш сынып мұғалімі Тойшубекова Б.А