«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зухра Қуанышбекқызы-үлгі тұтар ұстаз!

28.02.2023

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған.

       Мектебіміздің мықты, өз маманының қас шебері, білімді де білгір ұстаздардың бірегейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Кенжебаева Зухра Қуанышбекқызы  туралы көп айтсам да артық етпес. Зухра Қуанышбекқызының білімін дәлелдеп жүрген оқушылары әр қатысқан аудандық, облыстық байқауларда жүлдеді орындарға ие. Атап айтсақ аудандық «Есенберлин және оның әлемі» атты тақырыпта ақынның өлеңдерін, дастандарын оқудан  7 сынып оқушысы Хаблан Аружан ІІІ орын, Ақмола облысы білім басқармасынан Серикова Дильназ сертификат, Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай өткізілген аудандық байқауда Наурызбай Іңкар І орын, Облыстық Махамбет оқулары Наурызбай Іңкар  ІІІ орынға ие болды.

     Ұстаз! Осынау қастерлі де қасиетті атқа лайық мамандар көп болса, Қазақ елінің болашағы жарқын. Тек, ұлтым деген ұстаздар ғана «қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болып» (С.Торайғыров), қазақ баласының санасына білім мен тәрбиенің нәрін құйса ғана келешегіміз кемел болмақ.
Зухра Қуанышбекқызы деніне саулық, отбасына амандық,  шығармашылық табыс тілейміз.

 

 

Мектеп әкімшілігі.

 

 

 

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2023 19:36
Құрылған күні: 28.02.2023 19:40

Текст