«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыс айту «Жақсылық жерде қалмайды».

29.11.2022

Жақынды, досты, аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа

Жақсылық жерде қалмайды. –деп дана халқымыз айтқандай! 

    Адамзат баласының өзіне және өзгелерге жасаған жақсылығынан кейінгі ұрпқа өнеге-үлгі, ғибрат алады. Қоршаған ортаға, айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап, қолыңнан келгенше көмек көрсете алу адамшылықтың белгісі. Жүзінде нұр ойнаған, пейілі кең, жылы жүректі адам әрқашан жақсылыққа жол таба біледі. Кешірімділік, сыпайылық, сезімталдық жақсы адамға ғана жолдас болады. Ізеттілік  пен инабаттылық та жақсы адамға тән қасиет. Жақсы ниетпен айтылған бір ауыз сөз жүрегіңді тебірентіп, жаныңды жадыратады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген даналық сөздің мәні де осында. Жасампаздық жарасымы да осындай ізгі істерден туындайды. Ендеше бұл  сөздің барлығы кімге   айтылып отырғанын өздерініңізде түсінген боларсыздар!!

                Темірхан Каппасұлы  ауылымыздың беделді азаматының бірі халқына жақын жанашыр азамат. Ел демекші ауылдың  мектептеріне де көңіл бөліп жиі мектепке келіп қал  жағдайымызды сұрасытырып тұрады.  Бірде мектепке келіп жағдайымызды біле отырып мектептің сыртқы есігінің дұрыс жауылып  тұрмағанын көріп,   оған  есік  ауыстыру керек екенідігін айтты. Сөйтіп  мектебімізге жаңа есік қойып берді. Қазір мектеп іші жылы , есік тамаша келбетте, өте әдемі және сапалы. Тек ғана рахмет айтамыз. Темірхан Каппасұлына  тек ғана денсаулық тілей отырып , отбасының амандығын тілейміз. Сіздің істеген әрбір  қадамыңыз  тек ғана сауаптан болсын.

  Әр адамның өмірлік мақсат-тілегі болады. Аңсаған арманына, көздеген мақсатына қол жеткізу жолында адамдар ізгілік пен адалдықты, ізденіс пен еңбекқорлықты арқау етеді. Сол армандарыңызға жете беріңіз. Халықтың  ықыласына бөлене беріңіз.

    Қайырымдылық жасау жомарт адамдардың қолынан ғана келеді.  келеді.  Жұмысыңызға  табыс тілеймін

 

 

 Ізгі тілекпен:

Бастау ауылының  №2 жалпы  орта білім беретін

 мектебі  директорының м.а      Б. Харахыз

 

 

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст