«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұстаздың еңбек жолы»

17.11.2022

«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, білім еңбегін бала тәрбиесіне арнаған талай ұлағатты ұстаздар күні бүгінге дейін жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып,егемен еліміздің білім көшіне үлкен үлес қосып келуде . Кез келген мектепте «Мектептің жүрегіне» теңдес ұстаз табыла қояр. Мен Бастау №2 орта мектебінде  23 жылдан астам бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып келе жатқан әріптесім Қоспаева Алия Жандосқызы туралы бір үзік сыр айтқым келеді.

Ұлын ұяға,қызын қияға қоңдырып,немерелер шаттығына бөленген бақытты адам. Үйінде асыл ана, аяулы жар, біздерге қадірлі ұстаз,сонымен қатар әріптестерінің ортасында сыйлы жан. Ал мінезінде бір мін жоқ, ақ көңіл ,жүрегі таза , ізденімпаз жан.

Ең қиын және ең жақсы мамандық – мұғалім мамандығы. Себебі: Ол мамандық үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мектеп табалдырығынан Алғашқы қадамын басқан баланы жылы алақанынан ұстап, төрт жыл оқу, жазу, санау, адамгершілікке тәрбиелеу –ол терең еңбек. Алия Жандосқызының  еңбек жолы ата-аналардың алғысымен, әріптестерінің құрметімен, шәкірттерінің сыйымен өтуде. Еңбек жолында үнемі белсенділігімен  педагогикалық жарыстарға қатысып,  нәтижесінде  2020 жылы«Қазақстанның Мәртебелі Педагогі-2020» кітабының бетіне есімі алтын әріптермен  жазылды. 

 Шығармашылық арқылы көптеген  орден, төсбелгі, дипломдар мен сертификаттар  ұстаз қоржының толтырды.

Төл мерекеміз  алдында мен  әріптесіме  – осы күнге дейінгі жасаған еңбегінің жемісін көріп, шығармашылық ізденісі арта берсін – деп, тілеймін.  Қорыта айтқанда, Абай атамыздың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға»  – деген қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын  ұстаздың  күш- қайраты еш таусылмаса екен деймін.

 

 Бастауыш сынып мұғалімі Ербалина С.Н.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.11.2022 22:12
Құрылған күні: 17.11.2022 22:18

Текст