«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тағам сапасының мониторинг комиссиясы мүшелерінің отырысы

24.11.2022

Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде тағам сапасының мониторинг комиссиясы мүшелерінің отырысы өтті. Комиссия құрамының мүшелері:

мектеп директорының  м.а. Харахыз Б.,

мектеп директорының орынбасары Азимхан Б.,

әлеуметтік  педагог  Тойшубекова А.Т.,   

мектептің  шаруашылық  меңгерушісі Багилова Б.Ш, 

шағын балабақша  орталығының  медбикесі   Шаханова Гульзира Давлетбекызы, 

мектеп медбикесі Шопанова С.Б. 

 

Күн тәртібі:
1. Санитарлық талаптың  орындалуы

2. Бөлшектерді өлшеуді бақылау, азық-түлік сақтау ережелері, температура режимі.  Азық-түліктің  сақталуы.

 

1.Мектеп медбикесі Шопанова С.Б. асхананың  санитарлық  жағдайы жақсы, ылғалдандыру,  жинау  жұмыстары  дер  кезінде  жүргізіледі,  терезенің алды, үстелдер,  стеллаждар,  ыдыстар  өз орнында  таза,  еден  жуылған,  асхана  іші  таза,  тазалығы  үнемі  қадағалануда. Аспазшылар аспаздық санитарлық халат, бас киімі киіп ас дайындайды. Азық-түлік  өз  қалпында  сақталған,  жағымсыз  иіс  байқалмады. Азық-түліктер арнайы тоңазытқыш сақтау орындарына сақталынып  отыратынын байқадық.  Санитарлық талап қатаң ұсталынып, қадағалап отыратынын айтты.

2. Шағын балабақша  орталығының  медбикесі   Шаханова Гульзира Давлетбекызы азық-түлікті үнемі қадағалап отыратынын  жеткізді. Азық-түлік  өз  қалпында  сақталған,  жағымсыз  иіс  байқалмады. Азық-түліктер арнайы тоңазытқыш сақтау орындарына сақталынып  отыратынын байқадық.

 

 

                                                               Әлеуметтік педагог  Тойшубекова А.Т.

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст