Текст
Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 6 сынып оқушыларының 1 тоқсанның қорытындысы бойынша ата-аналар мен пән мұғалімдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Күн тәртібінде 4 сұрақ қарастырылды. Мектеп психологы Мусайф Жанар "Зорлық зомбылықтың отбасында алатын орны" тақырыбында баяндама оқып, бейне ролик көрсетті. Тәрбие ісі меңгерушісі Азимхан Бақытгүл "Отбасындағы бала тәрбиесі"тақырыбында баяндама оқыды. Пән мұғалімдерінің пікірлері тыңдалды. Ата-аналармеғ "Баламен қарым-қатынасын анықтау" тақырыбында сауалнама жүргізілді. Жиналысқа қатысқан ата-аналар мен ұстаздарға үлкен рахметімді айтамын.
Сынып жетекшісі Кенжебаева З.К