«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа Қазақстанның үміт артарлары»

28.10.2022

Баланың  жас ерекшелігіне қарай қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Белсенді баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат- заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Бастау ауылының № 2 ЖОБММ  4 сынып оқушысы Талғатқызы Айару  өз шығармашылық қабілетімен көріне білді. Қыркүйек айының басында «BILIM ORKENIETI» Ұлттық Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жариялаған Республикалық «Жаңа Қазақстанның үміт артарлары» атты сайысқа қатысуын білдіріп, тіркелу кезеңінде оқушы өз портфолиосын ұсынып, келесі кезеңге өтті. Екінші турында эссе жазу сайысына қатысып, білімін шыңдап, ұйымдастырушылардан Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022  жылды «Балалар Жылы» деп атауына орай ұйымдастырылған Форумға шақырылды. Сол форумның ұйымдастырушысы,модератор  Набиев Саян Талғатұлы «BILIM ORKENIETI» Ұлттық Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының басшысының орынбасары.Алғы сөзді осы орталықтың директоры  Сатылғанов Азирет Барболұлы алып,  қатысушыларды құттықтап, болашақта шығармашыл жетістіктер тілеп,қонақтармен таныстырды.Бұл форумның құрметті қонақтары болып келгендері Жұманбай М.А, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры Қожахметов Ш.Ш. , «AMANAT» партиясы Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Бірлік» филиалының атқарушы хатшысы Аманжолов Б.Н., «AMANAT» партиясы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің хатшысы Заданов А.Б. және  Республикалық «Айқын» газетінің журналисті болды. Талғатқызы Айару «Оқушылардың оқу- білімге  деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушылардың арасында байланыс орнату мақсатында  өткізілген «Жаңа Қазақстанның  үміт артарлары» атты республикалық форумына қатысып, жеңімпаз  атанғаны үшін І Дәрежелі Дипломмен,   «Дарындылығы мен көшбасшылық қабілеті үшін «Қазақстанның Үміт артары дарынды оқушысы  »атты төсбелгішімен марапатталып, куәлікке иеленді.Айарудың сынып жетекшісі Ербалина С.Н. «BILIM ORKENIETI» Ұлттық Инновациялық ғылымизерттеу орталығының  директоры   Сатылғанов А.Б. атынан Алғыс Хатпен марапатталды. Бұл Хатта  «Шәкірттеріңіз болашақта Қазақстан Республикасының бетке ұстар азаматтары болып, еліміздің дамып көркеюіне өзіндік үлесін қосады  деген  сенім білдіреміз! Шәкірттерінің зейінін ашып, оқу- білімге баулып жүрген өзіңіздей ұстаздарымыз көп болсын!» деген жолдары ұстаздың рухын көтеріп, шығармашылық ізденістерге қанаттандырады.  Сонымен қатар Айарудың ата-аналары Кенжебаева З.Қ. және әкесі Хожаберген Еркебұлан  «BILIM ORKENIETI» Ұлттық Инновациялық ғылымизерттеу орталығының директоры  Сатылғанов А.Б. атынан Алғыс Хатпен марапатталды. Бұл кісілер  мектеп өміріндегі іс- шараларға демеуші болып, өз ата-ана белсенділігін көрсете білетін адамдар. Айаруға осы қадамдарыңа құт қонсын,білім жолына талпына берсін, болашағы жарқын болсын деп тілейміз!

 

 

  • PHOTO-2022-10444444-04-08-38-05.jpg
  • PHOTO-2022-10-04-08-38-06.jpg
  • PHOTO-2022-105555-04-08-38-06.jpg
  • PHOTO-2022-10-04-08-38-05.jpg
  • PHOTO-2022-10-04-08-38555555555-07.jpg
  • PHOTO-2022-10-0455555-08-38-06.jpg
  • PHOTO-2022-10-04-08-366668-07.jpg
  • PHOTO-2022-10-04-08-38-07.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.10.2022 10:43
Құрылған күні: 28.10.2022 11:01

Текст