2022 жылы 14-інші қыркүйекте 8 сынып оқушыларымен «Отбасы –ұлттың тірегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ «Отбасы құндылығы» туралы түсініктерді, ол туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін тынбай еңбек етуге үйрету мақсатымен өткіздім. Сабақта «Отбасы туралы түсінік», «Әке-шеше қасиеттері», «Балалармен фотоальбом», «Қанатты сөздер», «Топпен ән айту» кезеңдерден болды. Оқушылар мен үшін әке қандай қымбат және де мен үшін анам қандай қымбат деген сұрақтарға жауап берді. Оқушылар «Әке – ана» әнін шырқады.
Оқушылар сабақтан осындай шешімге келді: Адам өмірінде ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда, бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
Бір -біріне жақсы тілек білдіргенде сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, мейірімділік, ізеттілік, махаббат, бір -біріне деген қамқорлықты көреміз.
Искакова Г.Т.