«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көңілді жарыс

12.12.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі  Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  бүгін, бірінші қараша күні үшінші мен төртінші сыныптармен  «Көңілді жарыс» сайысы өтті.

Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.

Дүбірле жарыс, дүбірле,

Жақсылық болсын үйіңде.

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде,- дей отырып, бүгінгі  жарысымызды бастайық.

Жеңіске жетер түбінде,- дей отырып, бүгінгі жарысымыз 4 бөлімнен  тұратын спорттық шараға әр қайсысы жеті адамнан құралған екі команда жарысқа түсіп, бақ сынасты.

І. Таныстыру

«Бүркіт» тобы.

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығулардан ешқашан да қашпаймыз.

«Қыран» тобы.

Спортпен достасамыз,

Жалқаулықпен қоштасамыз.

 ІІ. «Кім озар?» эстафеталық ойын

ІІІ. «Кім епті?» - кенгуру жарысы.

ІV. «Кім шапшаң?»  – жарысы.

Міне, біздің мерекеміз аяқталды. Командалардың барлық қатысушылары өздерінің ептілігін, күшін, жылдамдығын көрсетті. Ең бастысы, олар сергектік пен көптеген жағымды эмоциялар алды!

 

 

 Бастауыш сынып мұғалімдері Ербалина С.Н, Тойшубекова Б.А.

 

  • IMG_4462.JPG
  • IMG_4463.JPG
  • IMG_4457.JPG
  • IMG_4458.JPG
  • IMG_4460.JPG
  • IMG_4459.JPG
  • IMG_4455.JPG
  • IMG_4456.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.12.2022 11:51
Құрылған күні: 12.12.2022 12:02

Текст