«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"БІЛІКТІ ЖАС МАМАН, БІЛГІР ЖАС МҰҒАЛІМ"

13.10.2023

«Ел есінде бір жыл қалғың  келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе- ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе- бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Біз  үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық .

 Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі болып алғашқы ұстаздық еңбек жолын өзіне тәлім-тәрбие берген, білім нәрімен сусындап, қияға ұшырған алтын ұя мектебі Бастау ауылының №2  жалпы орта білім беретін мектебінен бастау алып отырған  жас маман Байболат Мейрам. Ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі. Өз мойнына ауыр іс ұрпақ тәрбиелеуді алған қадірлі мамандақтың иесі. Байболат Мейрам тек ұрпаққа  білім беру емес оған қоса тәрбие де беру керектігіне баса назар аударуда. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымы - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеуде.

 Мейрам  ағылшын тілі пәнінің мұғалімімен қатар тәлімгер болып бір жыл қызмет атқарды. Жас маман бір жыл ішінде өзін жан-жақты көрсете білді. Соның дәлелі  ауданда өткен «Жыл тәлімгері-2023» байқауына қатысып, «Жыл тәлімгері-2023» атағын иеленді. Қашықтықтан өткен Республикалық  «Жыл тәлімгері-2023» байқауының ІІІ орын жеңімпазы.

    Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық деген ұстанымда мектептің педагогикалық ұжымы Байболат Мейрамға өз маманының шебері болатынына кәміл сенімді.

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі Бекей Айнұр 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.10.2023 21:26
Құрылған күні: 13.10.2023 21:27

Текст