«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аттестат табыстау салтанатты

25.06.2025

Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде  11- сынып түлектеріне  аттестат табыстау салтанаты өтті. Іс-шарада мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата- аналар оқушыларға тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты.  Оқушыларға аттестаттар табыс етіліп, ата- аналарға алғыс хаттар берілді. Бүгінгі күн – түлектер үшін қайталанбас, маңызды да мәнді, тебіреніске толы күн! «Өмір күнделігіне» өшпестей етіп жазылатын ерекше күн! Құрметті мектеп бітіруші түлектер, Қазақстанның көркеюіне, гүлденуіне үлес қосатын сендерсіңдер. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, Гимннін асқақтататын, Егеменді еліміздің ертеңі мен болашағысыздар! Ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін Мәңгілік елдің азаматтарысыздар! Бүгінгі салтанатты жиынымызға қатысып отырған қонағымыз ардагер ұстаз Бегежанова Батима Жаңажолқызы сондай-ақ алғашқы ұстазы Нажикенова Жеңісгүл Бөдешқызын  және сынып жеткешісі Хамбар Сайрагүл, ата- аналар шашу-шашып,  тілектерін айтты. 11 сынып бітірушілерге әрбір қонақтар, ұстаздар, тілектерін білдіріп алғыстарын айтты.

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст