«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер онкүндігі

19.09.2023

 Бастау ауылының  №2 жалпы орта мектебінің 2023-2024 оқу жылындағы 05.09-16.09 аралығындағы тілдер онкүндігінің іс- шаралар  өткізілді.  05.09  күні «Тілдер  онкүндігінің» ашылуы болды. Онкүндікте  жүргізілетін іс-шара жоспарымен ұстаздарға, оқушыларға қазақ тілі  мен әдебиет мұғалімдері таныстырды. Онкүндіктің  ашылуына бастауыш  сынып оқушылары, орта буын,  жоғарғы  буын  оқушылары қатысып,  үш  тілде өлең, тақпақтарын мәнерлеп жеткізе  білді. 05.09 күні  «Мағжан Жүмабаев- заманның заңғар  түлғасы»  ашық  диктантты педагогтар мен 9-11-сынып оқушылар болып жазды. «Мемлекеттік тіл- менің тілім» тақырыбында 06.09 күні 1-11-сыныптарда сынып сағаты өткізілді. 07.09 күні «Полиглот» тақырыбында ағылшын тіл  мұғалімдері 9 бен 11-сынып оқушыларымен интеллектуалды сайыс өткізіп, оқушылардың ағылшын тілінен тілдік  қорларын ,тілдік қарым-қатынастарын нығайта  түсті. Қазақ тілінің мұғалімі Хамбар С. «С.Сейфуллин –қазақтың қоғам қайраткері, көрнекті ақын, жазушысына 130 жыл» тақырыбында 8-9-сыныптар  арасында дөңгелек үстел  өткізіліп, оқушылар ақынның өмірі мен өлең, поэмаларын талқылап ортаға салды.  «Знай и люби родной язык» тақырыбында орыс тілінен Гаппасова Б.С. 5-сынып оқушыларын екі топқа  бөліп, қызықты тапсырмалар мен грамматикалық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың қызығушылықтарын оята білді. 1-11-сыныптар оқушыларымен   «Мен және  Тіл» әр түрлі  тілдерде өлеңдер челл енджі арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдерді мәнерлеп, нақышына келтіре айтын, тілдерге деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Бастауыш сынып мұғалімдері 1-4-сыныптар оқушылар арасында «Тіл- ұлттың  жаны» суреттер  көрмесі өткізді. Оқушылар тілге деген құрмет, ізгіліктерін сурет салу арқылы жеткізе білді. Бала-бақша, дайындық топтың бүлдірш індері «Менің байлығым-туған жерім» тақырыбында қолдан коллаж көрме жасап, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін жеткізе  білді. Қазақ тілі мұғалімі Кенжебаева З.Қ. 9-11-сынып оқушыларымен  «Тіл  және қоғам» дебаттық клубы тақырыбында дебат өткізді. Дебатшылар қазіргі  өскелең ұрпақ  тіл мен қоғамды  құрметтеу керектігін айтып, өзара пікірлерімен бөлісті. Мектеп кітапханашысы Капышева А.Х  «М.Жұмабаев-қазақтың сыршыл ақынына 130 жыл» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырды.Онкүндік бойынша  оқушылар ақынның шығармалары, өмірбаян ымен бірге қазақ зиялылары туралы ақпарат , мағүлматтар алып , етене таныса алды. 15.09 күнді «Тілдер онкүндігінде» өткізілген іс-шаралар барысында белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Онкүндікте  қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінде жоспарға алынған іс-шаралар  барлығы ойдағыдай жүзеге асырылды.Жалпы мектеп ұстаздары, оқушылар болып белсене қатысып, атсалысты.Тіл- ұлттың жаны  дегендей бүгінгі  жас  ұрпақ ана  тіліміз- қазақ  тілінің көсегесін  көгертіп, тұғыры н биік ұстау керектігін және өзге тілді білу бүгінгі заман талабы екенін  іс-шараның өтілуінде терең  ұғына білді.

 

 

 

                             Қазақ тілі  мен әдебиет мұғалімі  Хамбар С.

  • IMG-20230913-WA0050.jpg
  • IMG-20230914-WA0097.jpg
  • IMG-20230914-WA0113.jpg
  • IMG-20230906-WA0062.jpg
  • IMG-20230905-WA0086.jpg
  • IMG-20230915-WA0074.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.09.2023 08:58
Құрылған күні: 19.09.2023 09:02

Текст