Бастау ауылының #2 жоббм 24.04.2025ж . "Жас мамандар" апталығының жоспары брйынша -Импровизация күні болып тағайындалды. Тақырыбы:"Қиындық аймағынан тыс". Осы тақырыпқа сай жас педагогтер Тайбагарова З.К. және Даулетхан К.С. оқушылардың күтпеген сұрақтарына жауап бере алды. Сұрақтар жас мамандардың тандаған ұстаздық жолына, отбасыларына, жеке тамақтану, киіну ережелеріне байланысты болды. Ал мектеп психологы Мусайф Жанар жас мамандармен "Не?Қашан? Қайда?" деген шағын ток-шоу жүргізді. Жас мамандар оқушылармен байланыс, жақсы орта , қарым-қатынас жасау жолдарын талдады.Ал, үзілістерде жас мамандар балалармен креативті ойындар жүргізді. Жаратылыстану сабағынан wordwall платформа арқылы қызықты және логикалық сұрақтар ұсынып, балаларға тәтті сыйлықтар ұсынылды. Қосымша пікірталас үйірменің жетекшісі Хурамхаз Жимсбэк "Сыныптың назарын қалай жетелеп ұстап тұру керек?" деген ойды ортаға салды. Жас мамандар өз ойларын жеткізе алды.