«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз – ұлағатты есім.

17.11.2022

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет жылдан-жылға арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің керемет көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып,жүрегіне қаншама жақсы қасиет төгуде. Оқушыларға білім беріп,әр сұрақтарына ешбір қиындықсыз жауап беретін, әрдайым көмектесуге дайын тұратын ұстаздарға алғысым шексіз.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.     

 

                                                 Талгатова Дильназ 11 сынып окушысы 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.11.2022 22:19
Құрылған күні: 17.11.2022 22:23

Текст