«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Қауіпсіз жол- қауіпсіз өмір »

20.10.2020

Белгілі бір талаптары мен ерекшеліктері бар қоғамда біз барлығымыз өмір сүреміз. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне баршамыз жауаптымыз. Көптеген жағдайларда жол–көлік оқиғаларына балалар өздері кінәлі, жолға жақын жерлерде ойнайды, кейде жолдың арғы бетіне кез–келген жерден өтуі арқылы әртүрлі орны толмас қайғылы жағдайлар туындайды. Балалардың жарақат алуы қоғамымыздың өткір мәселесі. Жол қауіпсіздігіне бала кезден үйрету үлкендердің қалыптасқан әдеті болып қала береді. Осы орайда Бастау ауылы № 2  орта мектебінде 8 сынып оқушыларымен  «Қауіпсіз жол» тақырыбында сынып  сағаты өтті.  Оқушылар жол ережелерін қайталап, қатерлі жағдайлардан шығатын жол түрлерін қарастырды. Арнайы маршруттық жолдарын суретке салып, өздері қорғап шықты.  Қазіргі таңда елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Кенжебаева З.Қ.

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст