«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Болашаққа бағдар : «Рухани жаңғыру»

11.03.2018

Ақпанның 27-і жұлдызында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған  «Болашаққа бағдар: « Рухани жаңғыру» мақаласы  аясында жүзеге асырылған  мектеп оқушылары арасында аудандық мектеп Ассамблеясы пікір-сайыс турнирі өтті. Қазақ мектептері арасында өткізілген  пікір-сайыс өте жоғары деңгейде өткеніне сенімдімін. Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы ауданның шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру еді. Оқушыларды шебер сөйлеуге үйрету, тыңдай білу қабілетін, қабылдау, талдау, ойды ашық сауатты және дәлелді жеткізе білуге үйрету. Әр мектептен қатысқан оқушылардың шеберліктерін көре білдік, өздері бағдарламаның нақты бағыттарына дайындалуы, шағын проект қорғап мектептерінің атынан қандай екендерін дәлелдеп берді. Әділ қазылар алқасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлжан Амановна, тарихшылардың методисті Баян Қазыбековна болды. Жетекшілік мұғалімдерде қатысты. Пікір-сайысты ұйымдастырып отырған №7 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қошқарбаев Н.Ж. өзінің шеберлікпен дайындалғанын көрсетті. Бағдарламаның 6-бағытын ашып, шыңдап, әр айтқан сөздерін асқан шеберлікпен  айта білді. Болашақ жас ұрпақтардың қолында емеспе, олай болса 

«Латын әліпбиіне көшудің» маңыздылығы оқушылардың пікір-сайыста қорғап айта білгендерінің  дәлелі екені айдан анық. Мақаланың жан-жақты талқыланып түсіндірілуі  жоспардың орындалуы деп ойлаймыз. Пікір сайыс соңында оқушыларға сертификат табыс етілді. Біздің аз ғана болсада көмегіміздің тигеніне, бұдан әрі де жалғасатынына сенімдіз. Біз болашақ ашық, білімді жастарды тәрбиелеуге күш жігерімзді жұмсайтынымызға сенімдімін.

 

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст