«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы- бақыт мекені»

15.09.2020

        Бастау  ауылы  №2 орта  мектебінде  «Отбасы-  бақыт  мекені»   атты  сынып сағаттары  өтті. Сынып  сағатқа  барлық  сынып  оқушылары  белсене  қатысты.   Оқушылар   ұйымшылдыққа, жауапкершілікке,   ептілікке,   өз ойларын   жеткізе  білуге ,  отбасы  құндылықтарын   сыйлауға тәрбиелей  отырып,  берілген  тапсырмаларды  орындай  білді .  Тәрбие- отбасынан   басталады , болашақ   ұрпақтың  еліне,  отанына  деген  сүйіспеншілігі  алдымен  ата-анасының  ықпалымен  қалыптасады.  «Дәулет  есіктен,  ақыл  бесіктен   кіреді»  демекші  білім  бесігі  мектептен,  тәрбие  бесігі  отбасынан  бастау  алады.  Отбасының  екі  тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға  үлкен  қызмет  етіп,  әкенің  еңбегін ,  ананың ақ сүтін өтеу-  біздің  борышымыз.  Ата-ана –отбасының  негізгі  діңгегі,  бастапқы  дәнекері.  Бала  әкеден  ақыл,  анадан мейірім  алады.  Отбасында біз жақындарымызға қамқорлық жасауды, сенім артуды, сүюді, өз сезімдеріміз бен эмоцияларымызды дұрыс білдіруді, әділ және адал болуды, ұжымда өмір сүруді және қоғамның мүдделерін жеке адамның мүдделерінен жоғары қоюды үйренеміз.

     Ата-аналары да, әжелері де балаларына және немерелеріне жақсылық тілей отырып, олар тек асыл және лайықты адамдарды тәрбиелеп, өздерін тыныш қарттықпен қамтамасыз ететінін түсінеді. Бұл қалыпты жағдай: ересектер балаларға қамқорлық жасайды, ал жетілген балалар қарт ата-аналары мен ата-әжелері үшін жауапкершілік ала бастайды.

          Отбасылық құндылықтар  мен дәстүрлерді құрметтеу керек , оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтау керек.

         

           Тәрбие  ісінің меңгерушісі    Азимхан   Б.

 

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст