«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік «Абай» және «Махамбет» оқулары байқауы

04.03.2018

Бастау № 2 орта мектебінде 5-11 сынып оқушыларының арасында 27 ақпан күні "Абай және Махамбет оқулары" атты сайыс болып өтті. Сайыстың негізгі мақсаты мен міндеті: мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім және Махамбет шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болмақ. Мектепішілік өткізілген Абай мен Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізілді. Сонымен бірге 5,6,7,10 сынып оқушылары Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»-Абай мен Махамбет шығармаларын жатқа оқу сайысына 6 сынып оқушылары қатысты. «Көңілім әнді ұғады»-Абайдың әндері мен күйлерін орындаушыларының байқауына, 9 сынып оқушысы Хұлжабай Жансая қатысты. Жансая «Көзімнің қарасы» әнін тамаша орындап берді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»-жас дарындар байқауына 10 сынып оқушысы Зайнуллов Ғазизбек қатысты. «Мен-Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!»-Махамбет шығармаларын жатқа оқу байқауына 5 сынып оқушысы Даян Елік өлеңдерін оқыды. Мектепішілік өткізілген Абай және Махамбет оқуларының апта сайын өткізілетін жиында қорытындысы жасалды, қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст