«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыс.

20.08.2020

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады.   Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек. Бастау ауылы №2 орта мектебінің дайындық тобының балалары өз шағармашылық таланттарын жақсы жағынан көрсетті. Ол тақпақтарды оқу, түрлі түсті қағазбен, табиға материалмен жұмыс жасау. «Менің ойыншықтарым» атты  тақырыпқа Октябрь Ерасыл мен Капышева Ажар жақсы көретін ойыншықтарымен фотоға түсті. «Бағдаршам-біздің досымыз» атты тақырыпқа Капышева  Ажар бағдаршамды қатты және түрлі түсті қағаздардан жасады. «Математика әлемінде» тақырыпқа балаларға бірнеше тапсырма берілді, сол тапсырманы балалар жақсы орындады. Балалар өз уақыттарын тиімді және пайдалы өткізіп жатыр.

 

                                               Даярлық тобының мұғалімі Тойшубекова А.Т.

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст