«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Намыс» аула клубы

14.08.2020

Бастау  ауылы № 2 орта мектебінің  «Намыс» аула клубы  5 сыныппен қашықтық түрде жұмысын бастады. Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда  аула клубтарының маңызы зор. Аула клубының мақсаты -  оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту жалпы баланы жан-жақты  дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады. Өйткені, өз ортасында жүрген баланың жауапкершілігі артады. Аула клубы дегеніміз - жастар мен жасөспірім, сондай-ақ, балаларға арналған мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие мен қосымша әртүрлі саладағы үйірмелерге баулайтын тәрбие беретін ұйым түрі. Бұл ұйым түрі балалардың болашақта жан-жақты, білімді, мәдениетті, ең бастысы көрегенді әрі тәрбиелі боп қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. 5 сынып оқушылары таңертең  жаттығуларды жасап, таза ауада снарядпен жұмыс жасайды. Күнде берілген тапсырмаларды орындап отырады. Балалар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайды.

                                              Дене шынықтыру мұғалімі Тойшубеков Б.А.  

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст