«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әрқашан күн сөнбесін!»

28.07.2020

Осындай ұранмен Бастау ауылы №2 орта мектебінің жанындағы «Айгөлек» алаңқайға ІІ кезеңге қашықтықтан қатысқан балалар көңілді іс-шараларды жүргізе білді. Осы кезеңде күн шуақтарын аямай төкті. Міне, шілде жаздың шыны десек! Балалар ыстық күндері  уйде тығылып отырмай, жаздың сыйлығын көңілді пайдаланды.  Алдымен, қазіргі уақытта бәрін уайымдатқан денсаулық кепілін сақтау үшін «Денсаулық күні» таңғы жаттығулар, тіс тазалау, қолдарын сабынмен дұрыс жуып жатқандарын видео-фотомен көрсетті. Ал, «Ертегі күні» үйде бауырларымен кітап-ертек оқып, оларға байланысты суреттер салып, сүйікті мультфильмдерін қарап отырды. Көңілдері күшті болуға жазғы табиғаттың сыйлығы- пісіп тұрған жеміс-жидектер мен қияр, қарбыз-қауын жегендері де көп әсер етті! Оның бәрін өсіру үшін ,әрине, еңбек ету керек. Біздің балалалар «Табиғат күні» ата-аналарынан қалыспай, суарып, арам шөптерін жұлып, көмек көрсетіп жүр.Ал, қол босаған кезде неге қозғалысты ойындар ойнап, доп қумасын! Қауіпсіздік ережелерін сақтап, «Нептун күні» ауылдың өзеніне де шомылды.  Алда әлі де көп қызықтар күтіп тұр, өйткені, бұл-ЖАЗ!

Просмотров: 277


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст