«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін – өзі тану сабағындағы шығармашылық жұмыстардың маңызы

11.02.2020

Өзін -өзі  тану  пәні  болашақ ұрпақтың бойында рухани – адамгершілік  қасиеттерін сіңіріп , мінез – құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық  құндылықтарды, адамгершілік  принциптері мен мұраттарды өмір  бойы басшылыққа  алатын   жеке тұлға қалыптастыруға негізделген. Руxaни aдaмгeршілік тәpбиe бaлaны мeйіpілімділіккe, отан сүйгіштікке, өзін-өзі жетілдіруге,  рухани өмірде және өз сөзі мен әрекеті үшін жауап беруге  және шығармашылыққа үйретеді.  Өзін - өзі тану сабағында мен көбіне балаларға тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстар жүргіземін. Балалар 5 – 10 минут ішінде әке, достық, ұстаз, туған жер, әр түрлі тақырыптарында өлеңдер немесе шағын әңгімелер жазып береді, топпен  сурет, сызбалар салады. «Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Оқушылар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады.

 

Бастауыш сынып мұғалімі:      Коспаева А.Ж.          

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст