«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дос болуды үйренеміз»

07.02.2020

Бүгін 7 ақпанда Бастау ауылы №2 орта мектебінде «Өзін-өзі тану»пәнінің онкүндігі аясында 2 сыныпта «Дос болуды үйренеміз» атты ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты: «дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғандыру. Адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту. Айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамкорлық қасиеттеріне тәрбиелеу. Оқушылар тыныштық сәтінде «Су әлеміне» саяхат жасады. Дос, достық туралы мақал-мәтелдерді, ережелерді құрастырды. Ойын арқылы  өз достары туралы  жақсы қасиеттерді айтты. Адал дос деген видео қарап, сұрақтарға жауап берді. Сабақ қызықты және көңілді өтті.

                                    Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тойшубекова А.Т.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст