«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақстан – менің елім".

01.02.2017

Сабақ мақсаты: Қазақстан   елінің  ақиқат  құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: Тек  жақсы  және қажет заттарды  ғана 

айтуды  үйрету;

2.Дамытушылық:  Әрқашанда шындықты  айтуға  қабілетерін

дамыту;   

3. Тәрбиелік:  кішіпейілділік пен  отаншылдыққа  тәрбиелеу

Ресурстар: (интерактивті  тақта, оқулық,  флипчат,  маркерлер)

Сабақ барысы:

1.   Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды житон арқылы топқа 

бөлу.

Тыныштық сәтi.

Музыка  №1 Орманға саяхат

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Табиғатқа қамқорлық  жасауға  байланысты  сөздерді  қойып,  сөйлемдерді өз ойларыңмен  аяқтаңдар.

1.Егер  мен  мұғалім болсам, ....

2.Егер  мен  ауыл басшысы  болсам, ..... 

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз  «Отаншыл болу  от  басынан басталады»     

Бауыржан  Момышұлы

3 рет қайталап жаттап 

алу

1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Ал сендер «Отан»  дегенді қалай  түсінесіңдер? Отан  деген ...                           А. Ілиясова

Бірде  құрбыластарым  бас  қосып,  көңілді әңгімелесіп,  сөз 

таластырып  қалдық.

- Біз  тұратын  көше ауылдағы  ең  әдемі, жап-жалтыр  асфальт  төселген, - деді Мәдина.

- Ешбір  көше  біздің көшеге  жетпейді.  Жол жиегі  жап-жасыл  ағаштар, тіптен  өзіңді  паркте жүргендей  сезінесің, - деп  мақтанышпен сөйледі Меруерт.

- Ой, қыздар-ай,  біздің  көше ше?! -  деп,  сөзін бастай  берген  Розаны Салтанаттың  киліккен  сөзі бөліп  жіберді.

- Қойыңдаршы, қыздар.  Бірде – бір  көшенің ерекшелігі  жоқ,  бір 

үлкен  қаладай –ақ  бұл ауыл... – деп  қабағын  шытты.

Қыздар  үн-түнсіз қалды ...  Бәрі  де Салтанаттың  сөзін  іштей 

мойындағандай.  Өткір  мінезді Самалдың  қатқыл  үні бәрімізді  елең  еткізді.

- Неге, неге олай  дейсің,  Салтанат? «Отан»  деген  құдіретті 

ұғымның  өзі  осы өз  ауылыңнан  өз көшелеріңнен  басталмай  ма? 

Өз  көшелеріңді  сүймесең, оны  мақтан  тұтпасаң, Отанды  қалай  сүймексің? – деп  жатыр. Сол  сәт  мен  де  Самалдың  өтімді  сөзін  толқи тыңдадым. Ойыма «Отаншыл болу  от  басынан басталады»  деген  батыр ағамыз  Бауыржан  Момышұлының аталы  сөзі оралды ....

1 сұрақ Балалар  туған жерлерін  қалай  мақтан етті?

2 сұрақ Отанға  деген махаббат  қай  кезден басталады?

3 сұрақ. Өз Отаныңды  қорғау үшін  не  істеу керек?

4 сұрақ.   Отанымыздың  бүгінгісі мен  болашағына  деген өз  көзқарастарың  қандай?

Сергіту  сәті:  

Видеобейне  «Менің елім - Қазақстан»

  Тәуелсіздікке жету  үшін қандай жолдарын  байқадындар ?

 Би «Көңілді күн»

2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

                                                       

«5Т»  ережесін сақтау.

1 топ:  Флипчатқа   Отан туралы  мақал-мәтелдер  жазу.

2 топ:  Отан  деген сөздегі  әр  әріп нені білдіреді?

О -йшыл

Т -анымал

А - далды

Н - амысты

 

 

3.   Үй тапсырмасы.

135 беттегі суреттерді  пайдалана отырып,  «Менің Отаным»  деген 

тақырыпта  әңгіме  құрастыру.

 

4. Топпен ән айту.

Туған  жердей  жер  болмас.

 

Туған жердей жер  болмас,

Атамекен  жерім бар.

Туған елдей ел  болмас,

Қазақ  деген елім бар.

 

Туған   жер алтын бесігім

Алдымен  жаздым есімім

Ғажайып  неткен көркің-ай,  шіркін-ай!       2 рет

 

Туған  жердеп жүрегім

Дүлсіл  қағып соғады

Бір  өзімдеп тірегім

Жанар  оттай жанады

Туған   жер алтын бесігім

Алдымен  жаздым есімім

Ғажайып  неткен көркің-ай,  шіркін-ай!       2 рет

 

 

 

 

 

 

 

5. Соңғы тыныштық сәтi.   Музыка Нұрға  бөліну

Балалар, енді  бір  сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы.  Бүгінгі  сабақта алған  әсерлерін  өздеріңмен 

бірге  қалу  үшін жүректеріңе салып,  сақтап  қойғанды 

елестетіп  көріңдерші.  Рахмет. Мен  сіздерге  ризамын.

 

 

Просмотров: 424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст