«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

08.03.2017

2017 жылының 24-26 ақпан күндері Мәскеу қаласында Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы  педагог пен оқушылар қауымын жинады. Бұл кезде ХЭИПҒА  ІІ Халықаралық  ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстан және Ресей Республикалардың ұстаздарын жинады. «Жаңа технологиялар мен педагогикалық практика» тақырыбы бойынша ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне шығармашыл ұстаздарды байқау мен оларға қолдау көрсету,инновациялық технологиялармен  жұмыс істеу әдістемеліктерді көрсету болып табылды. Осы конференцияның төрағасы  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Академияның жоғары ғылыми іскері Куптилеуова Сянзия Кантуреевна  ханум  басқарды. Қуанышқа орай алдында  аталған  ХЭИПҒА шақыруы бойынша біздің Атбасар ауданынан да Атбасар ауданының білім бөлімінің меңгерушісі Наймушина Н.Г. мен Ново-Александровка ом №2 бастауыш сынып мұғалімі Ербалина С.Н. осы форумға  қатысты. Олар Атбасар ауданының білім әлеміндегі жаңашыл өзгерістерімен таныстырды. Осы академияның ұйымдастыру комитетінің шешуі бойынша Наймушина Н.Г. І дәрежелі дипломмен , «Отличник образования РК» белгісімен, ал Ербалина С.Н. І дәрежелі дипломымен және «Абай Құнанбай атындағы» медалімен марапатталды. Тек конференциямен шектелмей, қатысушылардың естеріне жақсы із қалдыратын Мәскеу қаласы бойынша саяхат жүргізілді.

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст