«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дарынды оқушылар – еліміздің болашақ интеллектуалдық қоры».

03.05.2017

Қазіргі Қазақстан білімінің алдына жаңашыл міндеттер қойылып жатыр. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Халқына Жолдауында білімділік жүйесінің  рөлі экономикалық өсуінің жаңа орта моделі болуға тиістігін атап өтті. Сондықтан қазіргі қоғамға кең ой-өрісі бар, шығармашыл, алдына өзіндік мақсаттар қоя білетін және оларды шеше алатын тұлға керек. «Атбасар ауданының білім бөлімінің Ново-Александровка №2 орта мектебі» КММ – мемлекеттік тілде оқытатын шағын комплект  мектептерінің бірі. Биылғы жылы мектебіміз 10 жылдық мерейін тойлады. Сол 10 жыл ішінде мектебімізде шығармашылықпен міндеттерін атқаратын ұжым қалыптастырылды, оқу-тәрбие үрдісіндегі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған әдеттер ұйымдастырылды. 2015-2016 оқу жылының  Атбасар ауданы мектептерінің арасында жүргізілген мектептер рейтингі қорытындысы бойынша  біздің мектеп «Ең үздік ауыл мектебі»

номинация бойынша марапатталды. Мектеп педұжымы алдына қойылған: дарынды оқушылармен жүйелі және ізбасарлы жұмыс жүргізу мәселені шешуге мақсатты орындауда. Бұлар: оқушылардың дарындылығын анықтау, дарынды оқушыларды аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарға, интеллектуалдық сайыстарға дайындау. Біз даму деңгейдеміз. Бірақ, біздің ісімізде тек қатысу емес, нәтижесі де маңызды. Нәтижелерімізді де атап айта аламыз. Оқушыларымыз өз шығармашылық жұмыстарын аудандық, облыстық, республикалық, түрлі интеллектуалдық  марафондарда көрсете алды. «Золотое руно», «Русский медвежонок», «Кенгуру», «Пони», «Бульдог» т.с.с.  Биылғы 2016-2017 оқу жылында мектеп ұстаздары мен оқушылары «Халықаралық Экология, Инженерия  және Педагогика ғылымдар Академиясы» Халықаралық Қоғамдық Қорымен тығыз байланыста қызметтестік жасауда. 9 сынып оқушылары Зайнулов Газизбек пен Алтынбек Айдын Алматы қаласында жүргізілген Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біздің тарихымыз, болашағымыз»  XXXVII ашық Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.  Зайнулов Газизбек  I  орынды иеленіп, химия пәнінен Кубокқа иеленді. Жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Нажикенова Женискуль Бодешовна.  Алтынбек Айдын  II орынды иеленіп, мадақтама қағазбен қазақ тілі пәнінен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Хамбар Сайрагуль. 5 сынып оқушысы Бегежанов Тамерлан, 8 сынып оқушысы Искаков Рауан, 9 сынып оқушысы Жанболат Айасқан XXXVIII  Республикалық ғылыми-практикалық  «Қазіргі заманауи өзекті ғылыми зерттеулер» тақырыбындағы конференцияға қатысып, Астана қаласында Бегежанов Тамерлан  I дәрежелі дипломмен, жетекшісі биология   пәнінің мұғалімі  Мусайф Жанар.  Математика пәні бойынша Искаков Рауан I дәрежелі дипломмен, жетекшісі математика    пәнінің мұғалімі  Искакова гульден Тлеугабыловна.  Жанболат Айасқан  III  дәрежелі дипломмен, жетекшісі  тарих    пәнінің мұғалімі  Хурамхаз Жимсбэк   марапатталды. 2017 жылының 29 сәуір жұлдызында Ақтөбе қаласында «Республикалық  Олимпийский слет - 2017» форумы өтті. Халықаралық деңгейде жоғары жетістіктер көрсеткені үшін мектебіміздің 12 оқушысы сол форумға қатысты, «Олимпиада үздігі» медальдарымен марапатталды.  «МАНЭИП» қоғамдық қоры оқушылардың жетекшілеріне мадақтама, ата-аналарына «Алғыс хат» және жалпы біздің мектепке Кубок сыйлады. Ұстаз. Нақты ұстаз иығына мәдениет, эстетика, рухани тәрбие үшін жауапкершілік жатады. Ол туралы бүгін жазуы да, айтуы да аз емес.  Ұстаз алдымен өз оқушысына, яғни өз еліміздің азаматының болашағына жауапты.

 

Просмотров: 558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст