«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сыңғырла алғашқы қоңырау»

13.09.2017

Бастау ауылының  №2 орта  мектебінде  2 қыркүйек  2017 жылы Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Жиынды мектеп директоры Бегежанова Батима Жаңажолқызы құттықтау сөзімен ашты. Мектеп директоры өз құттықтау сөзінде биылғы жыл өте өзгеше екенін айтып Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы білім саласына көп мән бергені туралы айта кеткенді жөн көрді. Мектептің ата-ана  комитетінің төрайымы Кузбакова Кенжетай Қайыржанқызы оқушыларға сәттілік, ал мұғалімдерге шыдамдылық тіледі.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Харахыз Бахытгуль 2017-2018 оқу жылының бұйрығымен таныстырды.  Бірінші сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетсе,  ал он бірінші сынып оқушылары биыл жаңа мектептің табалдырығын аттап отырған бірінші сынып оқушыларына өз тілектерін білдіріп сыйлықтарын сыйлады.  Оқушылар мен ата-аналар алғашқы сынып сағатын тамашалады.

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст