Текст
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан – ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде даярлық тобында 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр «Жеңіс күні» орай тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Іс- шара құттықтау сөздерінен басталды. Бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Тақпақтарды айтып, ән орындады. Қыздар «Катюша» биін билеп берді. Ер балалар өз күштерін көрсетіп, «Кім күшті»ойынға қатысты. Балалар тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметіне қызыға белсенді қатысты. Іс – шара қөңілді өтті.
Даярлық тобының мұғалімі Тойшубекова А.Т.