«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мұғалім үнемі ізденісте болуы керек»

09.12.2017

Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны – жөн. Сонымен қатар психологиялық – педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.Жоғарғы сынып мұғалімі - бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана білу яғни, мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек. Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік- экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты.

-оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану

-топтық жұмыс дағдыларын дамыту

-әрекеттерге үйрету

-нақты ситуацияларды талдау.

Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.Осының нәтижесінде жыл сайын оқушыларымның сапасы артып отырды, бірақ үнемі жақсы деуге тағы болмайды, оқушылардың сапаларының бірде түсіп, бірде көтерілуінің себебі де мұғалімнің әдіс-тәсіл қолдануымен сабаққа деген қызығушылығын тудыруға байланысты деп ойлаймын.

Просмотров: 588


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст