«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл мерекесі

07.01.2018

Бастау ауылы №2 орта мектебінде желтоқсан айының 27,28 күндері Жаңа жыл мерекесі өтті. Мереке үш топқа бөлінді. Бірінші топ бастауыш сынып оқушыларының «Жаңа жыл ертегісіне саяхат» тақырыбында өтсе, орта буын тобында «Жасыл шырша жанында», ал жоғарғы сынып оқушыларында «Көгілдір от» тақырыбында болды. Жаңа 2018 жылды балалар өте жақсы  көңіл күймен қарсы алды. Бастауыш сынып оқушылары ертегі еліне саяхат жасап, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алса, орта буын мен жоғары сынып оқушылары түрлі ойындар ойнау арқылы Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, өз өнерлерін тамашалауға шақырды. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі аңдардың киімін киіп, ертегі кейіпкерлер рөлін сомдады. Аяз ата киімдерін киіп Аяз ата биін билеуді де жөн көрді. Мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары мектеп ауласын  Жаңа жылдық мүсіндер жасап, мектептің мәжіліс залы мен мектеп дәлізін түрлі түсті Жаңа жылдық әшекейлермен безендірді.   Оқушылар, мектеп ұжымы бір біріне жылы лебіздерін білдіріп, Жаңа жыл отбасына жаңа бақыт,мол табыс әкелсін деген ниеттерін білдірді.

  

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст