«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МИФ апталығының ашылуы.

10.02.2018

Асемгуль Жанатовна (информатика, физика пәнінің мұғалімі):

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар барлықтарыңызды математика, информатика және физика пәндері апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Ал енді бізді құттықтауға келген ұлы тұлғаларға сөз берейік. Алдарыңызда информатика атасы – Чарльз Бейбидж, математика атасы – Әл-Хорезми және физиканың бірінші атасы - Аристотель.

 

Чарльз Бейбидж рөлінде 10 сынып оқушысы Зайнуллов Газизбек:

 

Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым! 

Құтқарып ауыр бейнеттен 

Техниканы үйреткен 

Роботтай – адамды 

Тіл бітіріп сөйлеткен 

Компьютер емей немене 

Білмегенді білдірген 

Өлшеп киім кигізген 

Барлық істі атқарып 

Пайдасын елге тигізген 

Компьютер емей немене 

Бәріңіз маған қараңыз! 

Ойынымызды бастайық 

Алуан түрлі ойларды 

Ортамызға тастайық. 

Информатика пәнінен 

Көрсетіп біздер батырлық 

Ой толғалық жүйелі 

Таңдайымызға татырлық. 

 

Әл-Хорезми рөлінде 10 сынып оқушысы Нурлан  Асанали:

 

Ғылымдардың патшасы атанған, 

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 

Жасықтан емессің сен қаталдансың 

Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 

Нағыз пән математика атанғансың 

Жас достар, 

Мұны жақсы ұғайық 

Математика ғылымы 

Құрметтеуге лайық 

Дүниедегі құбылыстың мәніне 

Табиғаттың, қозғалстың бәрінде 

Мүмкін емес есептерсіз түсіну 

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

 

 

Аристотель рөлінде 10 сынып оқушысы Даулетхан Нурлан:

 

Уа, халайық, халайық! 

Бәріңе жар салайық! 

Бүгінгі кеш төрінде, 

Физика елінде, 

Физика тілінде, 

Есеп шешіп жарысып, 

Жұмбақ шешіп аңдысып… 

Шабыттасып шалқысып, 

Есеппен ән салысып. 

Көңілді кеш жасайық, 

Жұмбақ шерді шашайық. 

Ат салысып аянбай, 

Бар өнерге

басайық. 

 

Ал балалар, бізде сіздерге дайындаған қызықты сұрақтар бар. Соларға ақыл-ойларынды қосып жауап беріндер.

 

Информатика:

1.   Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1)

2.   Microsoft фирмасын құрған адам? (Билл Гейтс)

3.   Windows сөзінің қазақша баламасы? (терезе)

Математика:

1.   Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей-ақ қойсын деген кімнің сөзі? (Платон)

2.   Қазіргі қолданып жүрген теңдік (=) белгісін бірінші рет қолданған ағылшын дәрігері кім? (Рекорд 1557 жыл)

3.   Математикада формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек деген кім? (Ермаков)

Физика:

1.   Басына алма құлағанның арқасында бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан атақты ағылшын физигі кім? (Исаак Ньютон)

2.   Заттың ең кішкентай бөлшегін ата?(Малекула)

3.   Радионың атасы? (орыс ғалымы Александр Сергеевич Попов)

 

Асемгуль Жанатовна (информатика, физика пәнінің мұғалімі):

 

Компьютерлік вирустың биін тамашалайық!

 

Асемгуль Жанатовна (информатика, физика пәнінің мұғалімі):

 

Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар ... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Назарларыңызға көптен көп рахмет!!!

 

Просмотров: 1823


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст