«Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні» айлық аясында жоспар бойынша Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі 5-11 сынып арасында «Жаңбырлы балалары» Арнайы репортаж» тақырыбында бейнеролик көрсетілді және ақпараттық стендтер орналастырылды.
Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Баланың миына келіп түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миының сенсорлы жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті, үнемі өз әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы болатын анасымен байланысуға қорқады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың мүмкіндіктері шексіз болуы үшін «Ерекше балаларға»көмек қолын сөз.
Әлеуметтік педагог Тойшубекова А.Т.