Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде даярлық тобында «Ару Ана» тақырыбында ертеңгілігі өтті. Бүлдіршіндер аналар туралы тақпақтарды айтып, өз өнерлерін көрсетті. Аналар балалармен бірге «Шаштараз», «Кір жаю», «Өз баланы тану», «Қыстырғышпен ойын», «Тамақ пісіру» және тағы басқа ойындарды ойнады. Тәрбиеленушілер «Флешмоб», «Мейірімді ана» билерді орындап, «Ерке қыз» және «Анашым» атты әндерді орындады. Аналар балалармен бірге ертеңгілікке белсенді қатысты.
Іс-шараның соңында балалар аналарына өз қолымен жасаған сыйлықтарды сыйға тартты, ал ұлдар қыздарға шағын сыйлықтарды сыйлады. Барлық балалар тәтті сыйлықтарды алды. Ертеңгілік көңілді және қызықты өтті.
Даярлық тобының тәрбиешісі Тойшубекова А.Т.