«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ш, Щ» дыбыстарымен танысу

23.11.2022

Бастау ауылының № 2 ЖОББМ даярлық тобында сауат ашу негіздері  пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Мақсаты: ш,щ дыбыстарымен таныстыру, сөздердегі ш,щ дыбыстарын ажырата білу және дыбыстай алу, әріптерді тану мен сөздегі дыбыстың орнын анықтау ептілігін қалыптастыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметі жұмбақтан басталды, балалар жауабын тауып, кітаптан суреттерді көрсетті.

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте

                                       /Шырша/

 

Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым

                                       /Шаңғы/

 Жазда тынығады

 Қыста зымырайды.

                                    /Шана/

 

Балалармен бірге шар үрлеп, сол шар жарылып «Пыш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш»

 дыбысы шықты. «Шар» сөзінде алдымен қандай дыбыс естіледі? Ш дыбысына сипаттама беріп көрейік. Ш дауыссыз дыбыс, көк түспен белгіленеді.

Тапсырма: «Дыбыстың орнын анықта»

Тақырыптық суреттерді мұқият қарап, дыбыс сөздің басында болса-бір рет шапалақтайды, ортасында болса- екі рет шапалақтау, соңында кездессе- үш рет шапалақтайды.  

Сергіту сәті:

  Бір, екі, үш

  Бұлшық етте күш.

  Мен ұшамын кептерше

  Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

 

 Балалар жаттығуды жасады.

 

Қолды жазуға дайындау  «Бас бармақ» дидактикалық ойыны.

Орындалу әдісі: бір қолыңдағы төрт саусағыңды бүкте, тек басбармағыңды жоғары ұста. Шеңбер бойымен айналдыру.

 

Дәптердегі жұмыс. «Сауат ашу негіздері» жұмыс дәптері. 16 бет, 1-2 тапсырма

Графикалық жұмыс. 16 бет, 3 тапсырма.

 

Рефлексия. Өзінің жұмысына смайликті таңдайды.

 

                                               Даярлық  тобының мұғалімі  Тойшубекова А.Т. 

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст