Бастау ауылының № 2 жалпы орта мектебінің 2 - ші сыныбында «Жемқорлықсыз жол: сенімді жол» сынып сағаты өткізілді.
Қойылған мақсат: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру.Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
Патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында атап көрсетілгеніндей, тұлғаны бала кезінен қазақстандық патриотизм қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу.Сабақта бейнерөлік пен презентация көрсетілді. Оқушылар өз ойларын жүйелі ортаға салып адалдықтың, кісі ақысын жемеу қағидаларын үлгі етіп, ой пікірлерімен бөлісті.
Сұрақ - жауап арқылы балалар қорытынды жасады.
Бастауыш сынып мұғалімі: Коспаева А.Ж.