Текст
Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету; Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу; Жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру; Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу мақтасында, үшінші сыныпта «Жол тәртібін сақтайық!» атты сынып сағаты өтті. Сабақта Ажар, Арман және Ерасыл Бағдаршам туралы жұмбақтар жасырып және оның шығу тарихын баяндайды. Әзима мен Бағдат «Жол белгілері» туралы мәліметтер берді «Ескерту» белгісі», «Тыйым салу» белгісі, «Нұсқау» белгісі, Айман мен Мақсат жағдаятты сұрақтар қойып, «Кім дұрыс? Кім бұрыс?» ойынын жүргізді. Сынып сағаты өте қызықты және танымды өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі Тойшубекова Б.А