«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош бол, бастауыш!

23.05.2019

Осындай тақырып бойынша біздің мектебімізде 22.05.19 ж. тәрбие сағаты өтті. Бастауыш сыныптардың түлектері бүгін өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.  Алғашқы ұстаздары Ербалина Слушаш Нурбаевна тәрбие сағатын ұйымдастырып, алдарына келесі мақсаттарын жоспарлады:  - оқушыларға   білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.  - бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.  -  білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Осы мақсаттарға сай мерекенің барысы көңілді да, салтанатты да, толқылы да өтті деп айтуға болады. Ата-аналар, әжелер  мен мектеп ұстаздары бастауыш түлектерінің өнеріне қызығып, көңілдері тола алды. Саулетхан Ерсұлтан орындаған  «Мен қазақпын» әні,  хормен «Жаса, Қазақстан!» әні, Жандос Абзал мен  Нұрболат Мақпал «Қос байтерек» әндері тындаушылардың жүректерін қозғап,қонақтар ризашылығын білдірді. Қыздардың орыс халық биі, қоштасу вальсы да қошеметпен ерді, ал балалар өздерінің мектепке, Отаны Қазақстанға, ұстаздарына алғыстарын тақпақ, өлең, ойын жолдарымен білдірді. Сөз алған мектеп директорының орынбасары  Тойшубекова Б.А., ата-аналар, қстаздары балаларға ақ жол , білімді өнер, зор денсаулық пен бақыт тіледі.

 

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст