05.10.2026
Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты проблемалық мәселелерді уақтылы анықтау, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға көмек көрсету мақсатында облыс аудандарында көшпелі қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырады.
Қабылдау барысында кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша, оның ішінде қорғаншылық және қамқоршылық, буллинг, отбасының қолайсыздығы, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және тиісті қолдауды қажет ететін басқа да мәселелер бойынша жүгінуіне болады.
Келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша тиісті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және басқа да мүдделі тараптармен олардың құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі айқындалады.
Атбасар ауданының тұрғындарын қоғамдық қабылдауға қатысуға және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты туындаған мәселелері бойынша жүгінуге шақырамыз.
Атбасар ауданы, Атбасар қаласы
2026 жылғы 22 қазан
Сағат 10:00
«Әділет» партиясының ғимараты