«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Дене шынықтыру, АӘТД және эстетикалық цикл пәндері онкүндігінің ашылуы

01.10.2026

Мектебімізде оқушылардың дене белсенділігін арттыру, патриоттық рухын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Дене шынықтыру, АӘТД және эстетикалық цикл пәндері апталығы өз жұмысын бастады.
Апталықтың ашылуында оқушыларға пәндердің маңыздылығы таныстырылып, қызықты спорттық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, тапқырлығын және өнерге деген қызығушылығын көрсетті.
Онкүндік барысында дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық, музыка, көркем еңбек және басқа да эстетикалық бағыттағы пәндер бойынша түрлі сайыстар, көрмелер, спорттық жарыстар мен шығармашылық жұмыстар өткізу жоспарлануда.
Апталықтың мақсаты – дені сау, белсенді, шығармашыл, отансүйгіш және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Барша оқушыларға апталықта сәттілік, көтеріңкі көңіл-күй және жеңіс тілейміз!


Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Тойшубеков Б.А

Просмотров: 17


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст