«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біз нені білдік, нені үйрендік?" ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті

20.04.2026

Бастау ауылының N 2 ЖОББМ даярлық сыныбында сауат ашу негіздері ашық ұйымдастырылған іс әрекеті өткізілді.  Тақырыбы " Біз нені білдік,  нені үйрендік".
Мақсаты: дыбыстар мен әріптерді қайталау, сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларын бекіту. Сөздерді буынға бөлуді пысықтау.  Ойлау қабілеттерін, есте сақтауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

І. Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады:

​«Күніміз шуақты болсын,

Көңіліміз шаттықа толсын.

Достығымыз адал болсын,

Жүрегіміз мейірімге толсын!»

ІІ. Негізгі бөлім

​1-тапсырма: «Сұрақтар жаңбыры» (Қайталау)

2-тапсырма: «Дыбыстық пойыз» 

3-тапсырма: «Ғажайып қорап» (Дыбыстық талдау)

4-тапсырма: «Сөз ойла, тез ойла»

Сергіту сәті: «Музыкалық би»

5-тапсырма «Дыбыстық талдау»

6- тапсырма «Сөзді аяқта»

7-тапсырма: «Әріптерді құрастыру»

Рефлесия: «Білім ағашы»

 

Балалар барлық тапсырмаларды орындады, өз білімдерін көрсетті.

 

Даярлық сыныбының тәрбиешісі Тойшубекова А.Т

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст