15.04.2026
Ағылшын тілі апталығының жоспарына сәйкес Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-сыныпта “Sports in Kazakhstan” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың спорт тақырыбы бойынша ағылшын тіліндегі сөздік қорын дамыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру және Қазақстандағы спорт түрлері туралы білімдерін кеңейту болды. Сабақ барысында оқушылар жаңа сөздермен танысып, оларды дұрыс қолдануға жаттықты. Тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдылары бойынша түрлі тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар, оқушылар жұптық және топтық жұмыстар арқылы өзара қарым-қатынас жасап, берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындады. Сабақта заманауи әдіс-тәсілдер мен ойын элементтері қолданылып, оқушылардың қызығушылығы арттырылды. Бағалау кезеңінде оқушылар өз білімдерін көрсете отырып, тапсырмаларды сәтті орындады. Сабақтың мақсатына толықтай қол жеткізілді, оқушылар тақырыпты жақсы меңгерді және өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізе алды.
Ағылшын тілі мұғалімі: Ерболат Тогтал